Жаңалықтар тізбегі
0

АӨСШК геосаяси ахуалға байланысты жұмыс құралдарын жаңартады – Қайрат Сарыбай

Геосаяси ахуал, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2022 21:41 Сурет: Zakon.kz
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) орын алып отырған күрделі геосаяси жағдайларды ескере отырып, жұмыс тәсілінің кейбір принциптерін өзгертуге мәжбүр, деп мәлімдеді АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінгі геосаяси ахуал оңайға соқпай отыр. Қым-қуыт қайшылықтардың беті ашылды. Сонымен қатар бұл қарама-қайшылықтарды күштеу әдістерімен немесе өз позициясын тану арқылы еңсеру мүмкін емес. Сондықтан АӨСШК өз құралдардарын жаңартуы керек деп санаймын. АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай

Сондай-ақ ол АӨСШК қолында жаңартылған сенім шаралары каталогы бар екенін жеткізді. Оған қазіргі қауіп-қатер мен сын-тегеуріндердің даму барысын ескере отырып, елеулі инновациялар, жаңа элементтер енгізілген сенім шаралары енеді.

Сонымен қатар, Қайрат Сарыбай 12-13 қазанда Астанада өтетін АӨСШК саммитіне белсенді дайындық жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: