Қос азаматтығы бар ресейлік ерлі-зайыптылар елден шығарылды

Әкімшілік жауапкершілік Сурет: polisia.kz
Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғандары үшін Ресей Федерациясының 69 және 71 жастағы азаматтарын әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлі-зайыптыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен әкімшілік материалдар толтырылды.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтарға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды. Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері көлік полицейлері Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 986 азаматты, оның ішінде қос азаматтығы бар 38 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ, сот қаулысымен 155 шетелдік елден тыс шығарылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз