Алматылық келіншек алтын сататын саудагерлерді алдап соққан

Жарнама Сурет: polisia.kz
Алматыда алаяқтықтың 6 дерегіне қатысы бар әйел ұсталды. Ол жарнама арқылы алтын мен ұялы телефон сатып алған, бірақ алған тауарларына ақша төлемеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуезов аудандық ПБ мәліметінше, 33 жастағы Б.есімді азаматша алаяқтық жасады деген күдікке ілікті. Ол танымал интернет сайтынан ұялы телефондар мен түрлі алтын бұйымдарды сату туралы жарнамаларды іздеп, сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп, кездесу барысында ақшаны сәл кейінірек төлейтініне сатушыларды сендірді. Содан кейін телефонды өшіріп тастап, тауармен бірге жасырынған.

Қазіргі уақытта тергеу бөлімінің өндірісінде Б.есімді азаматшаға қатысты алаяқтық бойынша 6 дерек тергелуде. Ол бойынша іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімінің 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Алданған адамдардың әлі де көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз