Жаңалықтар тізбегі
0

"Алматы жастары" бағдарламасына тағы да өтініш беруге болады

үй, пәтер, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 15:04 Сурет: Zakon.kz/Маским Золотухин
Қала әкімдігі "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қосымша іріктеу туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бұл жолы бағдарламаға биыл негізгі байқаулық іріктеу кезеңінде (2022 жылғы 18 мамырдан 1 маусымға дейін) өтініш берген, бірақ құжаттың дұрыс толтырылмауына/рәсімделмеуіне/берілмеуіне байланысты өтпеген өтініш берушілер ғана бағдарламаға қатыса алады.

Барлығы 1000 қарыз қарастырылып, төлем қабілеттілігі бойынша 863 несие мақұлданды. Қалған 137 орынға бұрын құжат тапсырған 5225 қатысушы үміткер бола алады, - делінген хабарламада.

10-14 қазан аралығында almaty-zhastary.kz сайты арқылы өтінішке өзгеріс енгізіп, құжаттарды тізімге сәйкес жаңартуға мүмкіндік бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: