Қазақстанда тауарлық газ өндірісі артады

ҚР премьер-министрі, тауарлық газ, газ Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Үкімет Қазақстанда тауарлық газ өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беретін ынталандырушы шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, еліміздің газ саласын кешенді дамыту мәселелері 12 қазанда н ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен кеңесте талқыланды. Кеңесте 2030 жылға дейін газбен қамтамасыз ету болжамы, сондай-ақ жаңа газ кен орындарын игеруді ынталандыру және тауарлық газ өндірісін ұлғайту шаралары қаралды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар реттеушілік және фискалдық артықшылықтарды көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған жақсартылған модельдік келісімшарт енгізілетін болады. Бұл газ саласындағы қолданыстағы және перспективалы жобаларды іске асыруды жандандыруға, сондай-ақ тауарлық газдың ресурстық базасын кемінде 7,7 млрд м3 ұлғайтуға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар үкімет газ сатып алудың ынталандырушы бағаларын қолдану мәселесін пысықтап жатыр, бұл өндіріс көлемін 1 млрд текше метрден 3 млрд текше метрге дейін қосымша арттыруды қамтамасыз етеді.

Премьер-министр Энергетика министрлігі мен QazaqGaz ҰК АҚ-ның елдің ресурстық базасын дамыту жөніндегі тәсілдерін мақұлдап, осы бағыттағы кешенді жұмысты күшейтуді тапсырды. 

Сондай-ақ елдің солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру мәселелері талқыланды. Әлихан Смайылов ықтимал техникалық нұсқаларды егжей-тегжейлі пысықтауды және тиісті жол картасын дайындауды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз