Қазақстан Түрікменстанға 80 тауар позициясы бойынша экспортты арттыра алады

Кездесу Сурет: akorda.kz
2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы екіжақты тауар айналымы екі есеге ұлғайып, 250 млн доллардан асты. Осындай оң динамика 2022 жылы да сақталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметаралық, сондай-ақ Қазақстан мен Түркіменстанның іскер топтары арасындағы байланыстар айтарлықтай жанданды. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесуінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, экономиканың түрлі салаларындағы бірқатар жобалар іске асыру сатысында тұр. Қос елдің сауда-экономикалық кооперацияны тереңдету үшін айтарлықтай резервтері бар.

Қазақстан Түрікменстанға 80 тауар позициясы бойынша экспортты арттыра алады. Түрікмен кәсіпкерлері өз өнімдерін біздің нарыққа жеткізуді ұлғайта алатынына сенімдімін. Біз осы мақсатқа жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Өнімнің субсидияланған жеткізілімін кеңейту мүмкіндігінің бар екендігін де атап өттік. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы перспективалы коммерциялық келісімшарттар "Қазақэкспорт" сақтандыру компаниясының экспорт желісі бойынша іске асырылуы мүмкін екенін тұспалдап айтты.

ҚР президентінің пікірінше, 2024 жылға дейін екіжақты ынтымақтастықты нығайту жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асыру екі елдің сауда-экономикалық серіктестігін тереңдетуге ықпал етуі тиіс.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз