Қарағандыда рөлде телефон пайдаланған автобус жүргізушісі жазаланады
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде 18 қазанда қоғамдық көлікті жүргізіп келе жатып, телефонмен хабарлама жіберіп отырған автобус жүргізушісі түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz telegram арнасының жазуынша, полиция қызметкерлері заң бұзушыны анықтады. Ол 27 жастағы жігіт болып шықты.
ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы – «Жүргізушінің көлік құралын басқару кезінде телефон немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген ресми ақпаратта.
Сондай-ақ жиналған материал сотқа жіберілгені мәлім болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript