Жаңалықтар тізбегі
0

Тілеуберді БҰҰ және ЕО делегацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді

СІМ басшылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2022 21:57 Сурет: gov.kz
ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді "Терроризмге қарсы күрес және террористердің трансшекаралық қозғалысын болдырмау мақсатында шекара қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық және өңірлік ынтымақтастық" тақырыбындағы жоғары деңгейдегі конференцияға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон іс-шараны салтанатты түрде ашты, БҰҰ мүше елдердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері де қатысты. 

Конференцияда сөз сөйлеген Мұхтар Тілеуберді трансшекаралық тәуекелдер мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша бірлесіп жұмыс істеуге, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл контекстінде өңірлік және жаһандық деңгейдегі іс-қимылдарды одан әрі тығыз үйлестіруге шақырды. 

Министр АӨСШК 6-шы саммитінің қорытындылары туралы және БҰҰ Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі АӨСШК іс-қимыл жоспарын бекіту туралы хабарлады. 

Душанбе, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2022 21:57

Сурет: gov.kz

Форум аясында ҚР СІМ басшысы БҰҰ және ЕО делегацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Контртерроризм басқармасының басшысы Владимир Воронковпен болған кездесу барысында БҰҰ Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде әрі қарай іске асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2022 21:57

Сурет: gov.kz

ЕО Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакаламен кездесуде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасылды, сондай-ақ Еуроодақтан келетін делегациялардың Астанаға алдағы сапарларының кестесі талқыланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: