Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев қаңтар оқиғасының қайталанғанын қалайтындар бар екенін айтты

Алматы облысы, Қонаев қаласы, қаңтар оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 12:32 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесуінде заң мен тәртіп мемлекетіміздің беделіне шын мәнінде нұқсан келтірген қайғылы қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеуге мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент қаңтардағы қайғылы жағдайдан "сабақ алу керек және бұзақылар мен лаңкестерден батыр жасаудың еш қажеті жоқ" екенін айтты.

Мұндай жағдай, өкінішке қарай, болып отыр. Бұл осындай оқиғаның қайталануына әкеп соқуы мүмкін. Соны шындап қалайтындар бар. Біреу мұны шынымен қалайды. Белгілі бір күштердің жетегіне ерген және кішігірім қылмыстар жасағандарға рақымшылық жарияладым. Ал бұзақыларды, кісі өлтірушілерді, тонаушыларды қолдауға тырысатындардан сақ болу керек. Олар халқымыздың түпкі мүддесіне мүлдем сай келмейтін жеке мақсатты көздейді.Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев жуық арада мемлекетке сатқындық жасағандар, екіжүзділік және қорқақтық танытқандар сот алдында жауап беретінін атап өтті. Оның сөзінше, "қайғылы жағдайға жол берген немесе арандатушылық әрекет жасағандардың істері бойынша тергеу жалғасады".

Елдің Президенті ретінде, мен үшін әділдік – ең жоғары құндылық. Сондықтан менің Әкімшілігімде азаматтардың өтініштерін қабылдаумен және олардың талап-тілектерін қарастыруымен айналысатын арнайы бөлім бар. Бұл жұмысты өз бақылауымда ұстаймын.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент биылғы 9 айда атына 41 мың өтініш келіп түскенін, олардың әрбір төртіншісі құқық қорғау органдарының қызметіне және сот шешімдеріне қатысты екенін айтты.

Бұл құқықтық реформаны жалғастырудың маңыздылығын көрсетеді.Сондықтан елімізде заң үстемдігі болуға тиіс. Онсыз қоғамдық тәртіп орнату мүмкін емес. Басқаша айтқанда, ішкі саясатымызда заң мен тәртіпті басшылыққа аламыз. Тек сонда ғана біз азаматтарымыздың игілігіне бағытталған экономикалық реформаларды тиімді жүргізу үшін қолайлы жағдай жасай аламыз. Қасым-Жомарт Тоқаев

19 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: