Талдықорғанда ірі шетелдік технологиялық университеттің филиалы ашылады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің жұрты алдында сөйлеген сөзінде бұған дейін Қазақстанда әлемнің жетекші бес техникалық университетінің филиалдарын ашу туралы бастама көтергенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп Талдықорғанда ірі шетелдік технологиялық университеттің филиалын құру мәселесін пысықтап жатыр.
Өңірдің ерекшелігін ескере отырып, университет ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм және цифрлық технологиялар саласы бойынша мамандар дайындайды.Қасым-Жомарт Тоқаев
Президенттің айтуынша, бұл өңірден жастардың кетуін азайтып, жергілікті экономиканы жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
20 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды. Ол кездесуде ел ішінде бизнесті қолдау саясаты туралы түсіндіру жұмысы жүргізілуі керек екенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript