Қазақстан мен Кипр қашқын қылмыскерлерді ұстап беру бойынша өзара келісімге отырды

Шарттарға қол қою рәсімі Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
2022 жылы 20 қазанда Никосия қаласында Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарттарға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шарттарға Бас прокурор Берік Асылов пен Кипрдің Әділет және қоғамдық тәртіп министрі Стефи Драку қол қойды.

Ұстап беру туралы шарт тараптарға бір мемлекетте қылмыс жасаған және екінші мемлекетте жасырынып жүрген іздеудегі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту және сот үкімдерін орындау үшін экстрадициялауға мүмкіндік береді. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Шарттарға қол қою рәсімі

Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт екі елдің құқық қорғау және арнайы органдарына күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсінің дәлелдемелерін алуға, соның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті тәркілеуге және оларға тыйым салуға мүмкіндік береді. Шарт Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына көмегін тигізеді.

Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында бас қадағалау органының басшысы Кипрдің Бас прокуроры Джордж Саввидиспен және осы елдің Ішкі істер министрі Никос Нуриспен кездесулер өткізілді.

Тараптар халықаралық қауіпсіздіктің бірқатар құқықтық мәселелері бойынша, оның ішінде заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөнінде пікір алмасып, трансұлттық ұйымдасқан қылмысты алдын алу және оның жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы үйлестірілген іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтті, делінген хабарламада.

Ұстап беру туралы шарт

Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасының құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі одан әрі бірлескен қадамдарды белгілей отырып, қылмыстардың өзекті түрлеріне қарсы күресте күш-жігерді шоғырландыру туралы уағдаласты.             

      

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз