Бас прокуратура сайлау заңнамасын бұзғандарға жауапкершілік қарастырылғанын еске салды

Ескерту Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Қазақстанда президенттіктен үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуроры Жандос Өмірәлиев өз сөзінде оны өткізу тәртібін белгілеп, оның "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституция заңымен реттелгенін еске салды.

Үгіт-насихат жұмыстары 21 қазанда сағат 18:00-ден бастап іске қосылды. Ол 19 қарашада сағат 00:00-де аяқталады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін 9 бап көзделген.

Бұл келесі құрамдар:

  • сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу (102 – бап-15-тен 35 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі айыппұл).

  • сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі келтіру (103-бап – 20-дан 50 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі айыппұл);

  • БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу (112 – бап – 2 -дан 50 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі айыппұл).

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт жүргізу шарттары "ҚР сайлау туралы" Конституциялық заңның 27-бабында (7-тармағы) белгіленген.

Анықтама үшін: үгіт жүргізу шарттарының бұзылуына мыналар жатады:

1) сайлау науқанының бұқаралық ақпарат құралдарын біржақты жариялау, яғни сайлау алдындағы іс-шаралардың мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін, сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді бұрмалау;

2) кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдарын БАҚ-та жариялау, сондай-ақ теріске шығаруды тегін жариялау мүмкіндігін беруден бас тарту;

3) кандидаттардың БАҚ-та сөйлеп жатқан сөздерiн бөлу және сөйлеген сөздерiнен кейін iле-шала оларға түсініктеме жасау;

4) егер басқаларға келісім берілген жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдарының кандидаттардың біріне эфир уақытын, баспа алаңын бөлуден бас тартуы.

Осы шарттарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Әкімшілік жауаптылықпен қатар сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық та көзделген.

Ол сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіруге қатысты (ҚК - нің 150-бабы – 100 АЕК айыппұлдан бастап, түзету жұмыстарын, бас бостандығын шектеуді қоса алғанда, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру).

Екінші құрам – сайлау құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу (ҚК - нің 151-бабы – 4 мың АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салу не түзеу жұмыстары / немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу).

Қазіргі уақытта сайлау науқаны құқықтық шеңберде өтіп жатыр. Сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Сайлау науқанын жүргізудің заңдылығын одан әрі қамтамасыз ету үшін прокурорлар мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ сайлау комиссияларымен тығыз қарым-қатынас орнатты.

Әрбір бұзушылық фактісі бойынша заңдарда көзделген барлық құқықтық шаралар қабылданатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз