Жаңалықтар тізбегі
0

Дулат Исабековке "Қазақстанның еңбек ері" атағы берілді

Дулат Исабеков пен Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 15:22 Cурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында қоғам қайраткерлерін, бизнес, білім саласы өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының қатысуымен бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен мемлекеттік сыйлықтар тапсыру рәсімі Ақордада өтті.

Соның ішінде әлеуметтік-гуманитарлық дамудағы аса үздік жетістіктері үшін "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы көрнекті жазушы, драматург Дулат Исабековке берілді.

Ақорда сайтында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дулат Исабековке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын табыстап жатқан сәтінен фото жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: