Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Ахметжановқа, Бектеновке, Склярға жоғары әскери және арнаулы атақтар берді

Президент марапаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 16:35 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Республика күніне орай жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер табыстады. Президент ел шежіресіндегі аса маңызды осы күнге ұлттық мереке мәртебесі берілгенін айтып, биылдан бастап бұл мейрамды жоғары деңгейде атап өтетінімізді жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының "Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы" Жарлығымен:

  • полиция генерал-полковнигі арнаулы атағы Ахметжанов Марат Мұратұлына;

  • генерал-лейтенант әскери атағы Таласов Мұхамеджан Қадіржанұлына;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-лейтенанты арнаулы атағы Бектенов Олжас Абайұлына;

  • полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы Сөнтаев Қайрат Имятұлына;

  • генерал-майор әскери атағы Базарбаев Қуанар Бекенұлына, Қабақов Нұртас Дәулетұлына;

  • ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Алтынбаев Әли Сапарғалиұлына, Құнанбаев Берік Садықұлына;

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Омарбеков Айтқұрман Жоламанұлына;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры арнаулы атағы Сүлейменов Қанат Тұрсымбайұлына;

  • экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Бижанов Қайрат Жақиянұлына;

  • полиция генерал-майоры арнаулы атағы Скляр Василий Васильевичке;

  • азаматтық қорғау генерал-майоры арнаулы атағы Дербісов Нұрболат Бекболатұлына;

  • 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Майлыбаев Айдос Серікханұлына, Нұрлыбай Сәбитке берілді.

Президент марапаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 16:35

Сурет: akorda.kz

Әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер Республика күніне орай алғаш рет тапсырылмақ. Бұл өте орынды деп санаймын. Біз – ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел қорғаған батырлар еліміз. Ерлеріміз жер шетіне жау тимесін деп әрқашан бес қаруын сай ұстаған. Ел басына күн туса, ту түбінен табылған. Сіздер сол бабалар жолын лайықты жалғастырып келесіздер. Егемендіктің бүкіл қадір-қасиеті – жердің тұтастығында және елдің тыныштығында. Осы асыл құндылықтарды өздеріңіз қас қақпай күзетіп тұрсыздар. Айбынды армиямыз және басқа да қауіпсіздік құрылымдары – мемлекетіміздің берік қалқаны, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазіргі заманның қаншалықты күрделі екеніне тоқталып, ел қауіпсіздігін сақтау аса маңызды міндет екеніне назар аударды.

Біз арқаны кеңге салмай, барлық салада темірдей тәртіпті сақтауымыз керек. Елге қатер төнсе, кез-келген сәтте тойтарыс беруге дайын болуымыз қажет. Туған жердің шебін күзетіп, тұтастықты сақтау – әр азаматтың міндеті. Мұны жете түсінуге тиіспіз. Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қасиетті борыш, жоғары жауапкершілік. Сіздер осы жауапкершілікті терең сезініп, елдігіміздің тұғырын нығайтуға зор үлес қосып жүрсіздер. Отанымызды қорғау үшін күндіз-түні қызмет етіп келесіздер. Жас сарбаздар, ең алдымен, сіздерге қарап бой түзейді, үлгі-өнеге тұтады. Сондықтан, генерал деген айбынды атқа дақ түсірмей, офицердің ар-намысын биік ұстау аса маңызды, – деді президент.

Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы әскерилер мен арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттау олардың Отан қорғау жолындағы мінсіз қызметіне берілген жоғары баға деп атап өтті.

Біз азаматтарымыздың бейбіт өмірі мен тыныштығын қорғап жүрген әрбіріңізді құрмет тұтамыз. Өршіп келе жатқан геостратегиялық шиеленіс жағдайында күштік құрылымдардың маңызы бірнеше есе артады. Армия, құқық қорғау және арнаулы органдар – еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығының сенімді тірегі, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігінің кепілі, – деді мемлекет басшысы.

Президент марапаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 16:35

Cурет: akorda.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: