Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы тергеу изоляторы кімдерге қарсы тұрды

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34 Сурет: Zakon.kz
Алматы № 72 (ЛА-155/18) тергеу изоляторында қазір 1300-дей адам қамауда. Оның ішінде 200-ге жуығы - әйелдер, 10-кәмелетке толмағандар, 30 - шетелдіктер. Zakon.kz тілшісі тергеу изоляторында болып, сотталған азаматтармен әңгімелесіп, жалпы мекеменің жұмысы туралы біліп қайтты.

Алматы тергеу изоляторының қақпасынан бастап суық атмосфера сезіледі. Қабырғада "Тоқта! Тыйым салынған аймақ. Қару қолданылады" деп жазылған.

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Көк қақпаның қасына бір топ адам жиналған. Олар - тергеу изоляторында жатқан жақындарымен кездесуге, зат беріп жіберуге келген адамдар. Тергеу изоляторында тек отбасы мүшелерімен кездесуге рұқсат етіледі.

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Изолятордың ауласында кішкентай дүңгіршек көрінді. Бұл - келушілерге арналған дүкен.Ал негізінде мекемеде екі дүкен бар. Осында жатқан сотталушылар дүкеннен өзінің рұқсат етілген мөлшерінде темекі, сусын және тағы басқа заттарды ала алады. Бірақ төлем жасау әдеттегідей емес. Сотталушылардың жақындары дүкенге белгілі-бір соманы беріп, "сотталушыға" деп қалдырады. Ал дүкендегі сатушы сотталушы әр зат алған сайын шыққан соманы жалпы ақшадан шегеріп отырады.

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Әрі қарай жүргенде фронт офис көрінді. Бұл офистің кіреберісінде медиацияны қолдану ережесі жазылған.

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Фронт офис арқылы негізгі, сотталушылар орналасқан ғимаратқа келдік. Осында жатқан адамдардың күн тәртібімен таныстық.

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Сотталушыларға 21.00-ден 21.15-ке дейін бос уақыт беріледі. Осы уақытта мекемедегі кітапханаға кіріп, кітап оқуына, жақындарымен сөйлесуіне, шахмат, теннис ойнауына, сыртқа шығарса, доп тебуіне рұқсат. Кітапхана қорыбай. Мұнда көркем әдебиеттен бастап, салалық кітаптарды да табуға болады. Сонымен қатар кітапханада ақын-жазушылардың мерейтойына орай іс-шаралар да өтеді.

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Мекемеде сонымен бірге демалыс бөлмесі, теолог инспекторлар кабинеті бар. Егер күн тәртібіне кесірі тимесе, сотталушы намаз оқып, құлшылығын жасай алады.

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Мекеменің негізгі қызметі - тұтқындалғандарды, сот санкциясы бойынша кінәлі деп танылғанша қамауда ұстау. Азаматтарды күтіп алу, карантинге жатқызу, тәрбиелік жұмысын жүргізу, әр азаматпен жеке сөйлесу де бар. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұндағы қызметкерлерге кейде психологтаболып, сотталушыларға қолдау көрсету керек.

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Әуелі адам осында келгенде өзін жоғалтады, қоғамнан, адамдардан, жақындарынан шеттетіледі, бастапқыда бейімделе алмайды. Ал тергеу изоляторының ең негізгі қызметтерінің бірі - адамды осы жағдайда бейімдеу. Бейімдемесек, адам жағымсыз ойлардың шырмауында қалады, өзін сынайды, кінәлайды, “бәрі бітті” деп есептейді. Бұл кезде адамға “мұнымен бәрі біткен жоқ, қатені түзеуге болады. Өзіңізді қорғауға құқығыңыз бар. Конституциялық құқығыңыз бар” деп айтып, түңіліп кетпеуіне көмектесеміз. Изоляторда жатқанда адам бейімделе алмаса, колонияға үйрену оған одан да қиын болады, - деді мекеме бастығы Азамат Аманжолов.

Азамат Аманжолов, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Мекемеде психологиялық көмек көрсетіледі. Әсіресе қамауға алынғандардың жақындарымен де байланыс болады. Мәселен, бүгінде мекемедегі 80-ге жуық адам суицид жасау қаупі бар деген топқа жатады. Оны психологиялық тесттер арқылы немесе денесінде байқалған жарақаттар арқылы, әңгімелесу барысында анықтайды. Егер изолятордағы адамның өзіне қол жұмсау ниеті болса, мекеме басшысы жақындарын, ата-анасын шақырып, оларға хабардар ететінін айтты.

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Қазір тергеу изоляторында 180 ер адам, 183 шамасында әйел адам бар. Алыс-жақын шет елдерден 29-ға жуық азамат жатыр. Тәртіп бойынша ерлер мен әйелдер бөлек орналастырылған, бір-бірін көрмейді. Изоляторға бірге түскен қылмыстық топ мүшелері де бөлек орналасады. Сонымен қатар алғаш рет сотталғандар мен бұрын сотталып, қайта қамауға алынғандар бірге қамалмайды.

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Изоляторда адамдар ең көбі 5 жылға дейін отырады. Себебі мекеме осындағы жұмысқа 67 адамды алып қала алады. Олар мұнда аспаз, тазалаушы, шаштараз, ағаш ұстасы, сантехник, электрик және тағы басқа қызметте жұмыс істеп, ақша таба алады. Әсіресе бірінші рет сотталған және 5 жылға қамауға алынған адамдар өтініш жазып, осында қызметке қалуына мүмкіндігі бар. Мұндай сотталушыларды қызметкерлер "жұмыс тобы" деп атайды.

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Изоляторда жазасын өтеп әрі жұмыс істеуге көбіне өз кінәсін мойындай алған, түсіне алған, жасағанына өкінетін әрі жағымды жағынан өзгеріп жатқан адамдар алынады. Олар көбіне жазасын тезірек өтеп, өмірін жаңадан бастағысы келеді, жақындарының қасында болғысы келеді, - дейді мекеме басшысы.

Сондай сотталушылардың бірі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен, 3 жыл бас бостандығынан айырылған жан. Журналистерден өзінің есімін атамауды сұрады. Қазір 2 жыл, 4 айдай уақыты өтелді. Бүгінде мекемеде түнгі режимде аспаз болып жұмыс істейді. Алатын 62500 айлығының жартысын сот талабына төлейді, жартысын үйіне, ата-анасына, қызына жібереді. Өзінің айтуынша, жер сатумен айналысқан. Арада келісімшарт болмағандықтан ол сатылған жерді басқа кісілерге тағы сатқан. Сол үшін үстіне арыз түскен.

сотталушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Істеген ісіме өкінемін. Қазір аяққа нық тұрып, бұндайды енді қайталамауға тырысамын. Мұнда көп нәрсені түсіндім. Біреуді алдап, оның ала жібін аттамау керек. Бұзақылық жасауға болмайды. Себебі заң бәріне бірдей. Қылмысым үшін үш жыл берсе, ол уақытта “кінәсін түсінсін, тура жолға түсіп, қылмысын қайталамасын” деп беріледі екен, - дейді сотталушы.

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Сонымен бірге 28 жастағы тағы бір сотталушымен әңгімелестік. Ол да ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі "алаяқтық" бойынша ұсталған. Сотталмай тұрып жиһаз сатумен айналысқан. Ақша алып, бірақ тауарды уақытында жеткізбей, алаяқтық жасағаны үшін 4 жыл, 8 айға сотталдым деп отыр. Оның тапсырыс берушілер алдындағы жалпы қарызы – 6 миллион теңге. Қазір де мекемеде ағаш ұстасы болып жұмыс істейді. Тапқан ақшаның жартысын отбасына, үш қызына жібереді екен.

Осылай болып қалғанына қатты өкінемін. Жәбірленушілердің алдында да өзімді кінәлі сезінемін. Сондықтан олар алдындағы міндетімді орындап, қарызымды өтеп, арым таза болғанын қалаймын. Құрдастарыма айтарым: өміріне, жан-жағына мұқият болсын, қарайлай жүрсін. Ертеңгі күнді, болашақты ойласын. Себебі егер бас бостандығынан айырылса, қол қысқарады, бұрынғыдай өмір сүре алмайды, көп нәрсені жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылады. Ондай кезде өзінің отбасын асырап, жақындарына көмектесе алмай отырады, - деді ол.

сотталушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Мекеменің сыйымдылығы - 1350 адам. Қазір бұл тергеу изоляторында 1300-дей адамдай бар. Қаланы және 4 ауданды қамтиды. Изоляторда айына 20-30 неке тіркеледі.

Қазір колонияда балалы әйелдер жоқ. Ал негізі сотталған әйелдің 3 жасқа дейінгі баласы болса және оған қарайтын ешкім болмаса, әйел баламен бірге арнайы камераға орналасуға құқылы. Ондай камерада бала мен анаға қажет заттардың бәрі бар деуге болады. Тіпті әйелдің тамақ рационы да бала емізетін әйелдікіне теңестірілген.

Адам қамауға алынғанда алғашқы 15 күнде онымен негізгі жұмыс жасалады. Сөйлесу, түсіндіру, тәртіпке үйрету, жағдайға бейімдеу, шашын алу, анализ алып, ауруларын білу және тағы басқа. Егер изолятор орналасқан қалада карантин шаралары енгізілсе, мекеме де соған сай шара қабылдайды. Мекеме басшысының айтуынша, коронавирус пандемиясы кезінде бұл изоляторда ешкімде коронавирус тіркелмеді, ауырмады. Себебі мекеме карантин шараларына үлкен мән берген.

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Сурет: Zakon.kz

Азамат Аманжоловтың айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде мекемеге номері жоқ көлік мінген адамдар келіп, бірнеше адамды босатуды сұраған. Ал мекеме Батыс Қазақстан облысында болып жатқан баскөтерулерге байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуге ауысқан. Кейіннен қалада тәртіпсіздік басталғанда, қаруланып отыруға тура келген. Дегенмен мекеме басшысы белгісіз адамдармен келіссөзге шығып, мекемеден біреуді босату үшін соттың арнайы қаулысы қажет екенін айтқан.

"Халықтың атынан сұрап тұрмыз" деп талап етті. Олар агрессияға толы адамдар болды. "Бір сағат уақыт береміз, біз сұраған адамдарды босатпасаңыздар, мекемеге шабуыл жасаймыз" деді. Жағдайды бірден қалалық департаментке жеткіздім, ол жақтан, басшылықтан адам келіп, жаңағы келгендермен сөйлесті. Айғай-шусыз, тыныш қана бәрін түсіндіруге тырысты. Мұнда ешкім заңсыз жатпағанын, бұл тергеу изоляторы екенін, ешкімді қаулысыз босатпайтынымызды айтты, - дейді мекеме басшысы Азамат Аманжолов.

Бірер сағаттан соң бірнеше көлік қайтадан келгенде мекеме күзеті, басшылық қарумен сыртқа шыққан. Ал көліктегі бейтаныс адамдар мекеменің қаруланғанын, қандай жағдайда да өзін қорғайтынын көріп, кері шегінген.

сизо, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:34

Cурет: Zakon.kz

Қаңар оқиғасынан кейін тергеу изоляторына тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған адамдарды әкеле бастады. Басшылықтың айтуынша, қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған, осында әкелген адамдардың саны бастапқыда 700-ге жетті. Кейін оның 500-ге жуығы босап шықты. Атап айтқанда кепілмен, басқа да себеппен босап шыққандар бар. Қалған 200-ге жуық ұсталғандардың қазір 150-дейі жазасын өтеп жатыр. Олар – ауыр қылмыс бойынша сотталғандар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: