Қарағанды облысындағы шахтадағы төтенше жағдай – тергеу басталды
Сурет: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
3 қарашада Қарағанды облысында шахтада газ шығып, төрт адам қаза тапты. Полицейлер "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бабы бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ленин атындағы шахтада болған төтенше жағдай фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға орнында Қарағанды облысының полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр.
3 қарашада Қарағанды облысындағы шахтада газ жарылып, төрт адам қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript