Тоқаев шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтты

Қарағанды, шахта, газ, төтенше жағдай, жеделхат Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасына тиісті көмек көрсетуді тапсырғанын атап өтті.

Қарағанды ​​облысында кеше түнде Ленин атындағы шахтада газ шықты. Апат салдарынан бес жұмысшы қаза тапты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов 3 қарашада бесіншісінің мәйіті табылғанын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз