Шахтинскіде төтенше жағдайдан зардап шеккен екі адамға ота жасалмақ

Қарағанды, газ, апат, шахта, Шахтинск Сурет: Zakon.kz
Дәрігерлер Ленин атындағы шахтадағы апаттан зардап шеккен төрт адамның жағдайын баяндады. Екі шахтер отаға дайындалып жатыр, қалғандарының жағдайы тұрақты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Х.Ж.Мақажанов атындағы аурухана директорының орынбасары Талғат Жүкеннің айтуынша, екі зардап шегуші бас сүйек-ми зақымын алып, газбен уланған. Дәрігерлер екеуін операцияға әзірлеп жатыр. Ота бір сағат ішінде жасалады деп жоспарланған.

Дәрігердің сөзінше, олар есін білгенмен, жағдайы ауыр. Жарақаттың ауырлығын ескере отырып, қандай да бір болжам жасау әлі ерте.

Тағы екі зардап шегуші токсикология бөлімінде жатыр. Олар метан мен газға қатты уланған. Жағдайлары тұрақты.

Қарағанды ​​облысының әкімдігі Шахтинск қаласындағы шахтада болған апаттан қаза тапқандардың тізімін жариялады. 3 қарашада шамамен түнгі сағат 3.00-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Митал Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында газды дренаж скважиналарды бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ шығуы салдарынан 5 жұмысшы қайтыс болды. Қазіргі таңда 4 жұмысшы ауруханаға жатқызылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз