Илон Маск G20 саммитіне қатысады

G20 саммиті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2022 21:55 Сурет: Facebook/Elon Musk
Америкалық миллиардер Илон Маск G20 саммиті аясында бизнес көшбасшыларының халықаралық кездесуінде сөз алатынын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маск кәсіпкер Аниндей Бакримен бірге "Жаһандық технологиялық инновациялар процесінде дүрбелеңді қалай болдырмауға болады" сессиясына қатысып, баяндама жасайды деп күтіледі, делінген The Jakarta Post басылымындағы мақалада.

Масктың саммитке қатысатынын Индонезия сауда палатасы да жариялап, хабарлады. Балидегі сауда палатасының басшысы Маде Арианди Масктың саммитке қатысатынын растады.

Аталған бағдарлама спикерлері арасында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрдің де болатыны айтылады. Ол "Тұрақты болашаққа арналған инклюзивті дамуды инвестициялау" тақырыбында баяндама жасайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: