Ота жасалған кеншілердің жағдайы мәлім болды

Қарағанды, Шахтинск, шахта, газ, апат, ота, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2022 10:25 Сурет: akorda.kz
4 қарашада Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы Шахтинскідегі шахтада болған апаттан зардап шеккен кеншілердің жағдайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 қарашада Шахтинскіде төтенше жағдайдан зардап шеккен екі адамды дәрігерлер отаға әзірлеп жатқаны мәлім болды. Қайғылы жағдайдан барлығы төрт адам зардап шекті.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ашық бас сүйек-ми жарақатын алған екі адамға ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы тұрақты.

3 қарашада Қарағанды ​​облысындағы шахтада газ шықты. Апат кезінде 106 адам жер астында болған. 101 эвакуацияланды. Бес адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: