Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Атырауда үлкен мұнай қоймасын салуды тапсырды

Атырау, мұнай, мұнай қоймасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2022 11:08 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
8 қараша күні Атырау облысының жұртшылығымен кездесуінде өңірде үлкен мұнай қоймасын салу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұнай қоймаларын барынша көбейту аса өзекті мәселе болып тұр. Қазір біз дайын мұнайды бірден экспортқа шығаруға мәжбүрміз. Өйткені, технология сондай. Өндірісті тоқтатып қоюға болмайды. Қытайдың жақсы тәжірибесі бар. Олар өте үлкен қоймалар салған. Сол себепті, мұнай болмай қалғанның өзінде ішкі нарықты 3-4 ай бойы қамтамасыз етіп тұра алады.Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы орайда Президент "Қазмұнайгазға" экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, Атырау жерінде үлкен мұнай қоймасын салу мәселесін қарастыруды тапсырамын" деген Президент Энергетика министрлігіне мұнай өндіретін ірі компаниялармен қойманың құрылысына қатысты келіссөздер жүргізуді тапсырды.

Мұнай саласындағы еңбек нарығында шұғыл шешілуге тиіс мәселелер бар. Келешекте жұмыссыздықтың пайда болуына жол бермеуіміз керек. Бұл өте маңызды мәселені Үкімет өз назарында ұстауы қажет. Осы мәселе бойынша негізгі шетел компанияларымен бірге жұмыс істеуге тиіс. Үкіметке осы шаруаны шұғыл қолға алуды тапсырамын.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент өңірдегі шетелдік компаниялар аймақтың білім беру, денсаулық сақтау және экология мәселелерін шешуге атсалысуы керек екенін айтты.

Үкімет әкімдікпен бірлесіп, инвесторларды осы жұмысқа жұмылдыруы қажет. Әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына баса назар аударылады. Осы мәселені Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің қарауына шығару керек. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы инвесторлармен жалпы келісімдерді әзірлеу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: