Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар енді мамандандырылған мектептерде оқи алады

Оқу-ағарту министрлігі, мамандандырылған мектеп, әлеуметтік осал отбасы Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға мамандандырылған мектептерге түсу үшін 15 пайыз квота алуға мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Tнді осындай отбасылардан шыққан 1500-ға дейін бала жаңа квота бойынша "БИЛ", "Дарын" және т.б. мектептерге оқуға түсе алады. Бүгінгі таңда жаңа бұйрықтың арқасында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар осындай мамандандырылған мектептерге қабылданды, - деп жазды Министр Facebook-тегі жеке парақшасында.

Министрдің сөзінше, тұрмысы төмен болғандықтан қосымша білім алуға мүмкіндігі жоқ балалар үшін осындай мектептерде оқуға мүмкіндік беру олардың болашақтағы жетістіктеріне оң әсер етеді.

Ол бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ұсыныстары аясында колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге осыған ұқсас квоталар енгізілгенін атап өтті. Сол шешімнің арқасында мыңдаған балалар оқуға түсті.

"Біз жас дарындарға да, өзін әлі көрсете алмағандарға да тең жағдай жасауымыз керек. Ал ұстаздарымыз озат балаларға да, оқуда үлгерімі нашар болса да, қолдау мен жылы сөзге мұқтаж балаларға да мейіріммен қарайды деп үміттенемін" -деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Ол елімізде дарынды балалардың әлеуетін ашуға жағдай жасалғанын атап өтті. Мәселен биылдан бастап ел тарихында алғаш рет халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары (2022 жылы 27 жеңімпаз) 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз