Путин Ресей әскерінің беделін түсірушілерді азаматтықтан айыруды ұсынды

Азаматтық мәселесі Сурет: pixabay
Құжаттың бастапқы нұсқасында мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыстарға, террористік әрекеттерге, есірткі саудасына қатысты және жалған құжаттармен жүрген адамдарды азаматтықтан айыру ұсынылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік Думаға бірінші оқылымда қабылданған нұсқасына президенттің түзетулері енгізілген азаматтық туралы заң жобасы келіп түсті, оған сәйкес Ресей армиясының беделін түсірген адам азаматтығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.

Түзетулерге сәйкес, азаматтықтан айыру жазасы қарастырылатын қылмыстардың тізімі кеңейтілген. Бұл арада Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің баптары турасында сөз болып жатыр:

  • 284.1 - Ресей Федерациясы өз аумағында қызмет етуіне онша құлық танытпайтын әрі солай деп танылған шетелдік немесе халықаралық үкіметтік емес ұйымның қызметін жүзеге асыру;

  • 207.3 - Ресей Федерациясы Қарулы күштерін пайдалануда, Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының өз өкілеттіктерін орындауда жария түрде көрінеу жалған ақпарат тарату;

  • 280.1 - Ресей Федерациясының аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға көпті шақыру;

  • 280.3 - Ресей Федерациясы мен оның азаматтарының мүдделерін қорғау, Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау немесе Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының мақсаттында өз өкілеттіктерін орындай отырып, Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің беделін түсіруге бағытталған қоғамдық әрекеттер.

Азаматтықтан айыруға, бұдан бөлек, қоғамды экстремизмге шақыру, мемлекет қайраткерінің өміріне қол сұғу, қарулы көтерілістерді ұйымдастыру, қарақшылық, тонау, пара алу, вандализм, мемлекеттік елтаңба мен туды қорлау және тағы басқа қылмыстар түрткі болуы мүмкін.

Заң жобасының бірінші оқылымы сәуірде болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз