Дуда: Польшада зымыранды кім атқаны туралы нақты ақпарат жоқ
Сурет: president.pl
Польша билігі елдің шығысына құлаған зымырандарды кім атқанын әзірге нақты айта алмай отыр. Бұл жөнінде 16 қарашада өткен баспасөз мәслихатында ел президенті Анджей Дуда мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ Польшаның президенті зымырандар құлағанына еш күмән жоқ екенін айтты. Мән-жайды тергеушілер анықтайды, деп жазды ТАСС.
"Ресей Украинаға қарсы күні бойы зымыранмен шабуыл жасағанын білеміз. Бірақ ол зымырандарды кім ұшырғаны туралы нақты дәлеліміз жоқ. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл Ресей шығарған зымырандар болуы ықтимал. Дегенмен әлі де тексеріліп жатыр”. Польша президенті Анджей Дуда
16 қарашада Польшаның ZET радиостанциясы Украинамен шекаралас Пржеводув ауылына жақын маңда екі зымыран құлағанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript