Тоқаев: Алматы – қастерлі тәуелсіздігіміздің бойтұмары болған қала
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент сөз басында Алматыда еліміз үшін ең маңызды шешімдер мен құжаттар қабылданғанын атап өтті.
"Осы жерде Егемендік декларациясына қол қойылды, Тәуелсіздігіміз жарияланды. Еліміздің болашағын айқындаған басқа да көптеген тағдырлы оқиғалар өтті", – деді Президент.
Ол сондай-ақ "Алматы – еліміздің іскерлік, рухани, ғылыми және туристік орталығы" екенін айта келе, қаланың дамуына, оның тіршілікке қолайлы, жайлы болуына айрықша мән беретінін жеткізді.
15 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript