Түркістан облысында заңсыз айналымнан 330 келіге жуық есірткі алынды

Есірткі айналымы тоқтатылды Сурет: polisia.kz
Түркістан облысының полицейлері 5 ай бойына жүргізілген “Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындылады. Нәтижесінде Түркістан облысы Полиция департаментінің құрылымдарымен барлығы 111 есірткі қылмысы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ішінде сегіз дерегі есірткіні сату болса, тағы сегіз дерегі аса ірі көлемде сақтау, 57-сі есірткі егу, 35-і – есірткі контрабандасы.

Заңсыз айналымнан 329,4 келі есірткі заттары алынды. Сондай-ақ 72 тоннадан асатын прекурсорлар (күкірт, тұз қышқылдары), 518 психотроптық дәрілер тәркіленді, деп жазады Polisia.kz

Іс-шара кезінде жалпы 200 мыңнан астам есірткі түбі жойылды. Одан басқаТүркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мен ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД, ҰҰ жауынгерлерінің МИ-Е тікұшағымен облыс аумағындағы аудандарда есірткі егуге ықтимал жерлерге әуемен барлау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде жеті есірткі егу алқабы анықталды, 6 күдікті ұсталды.

“Қарасора-2022” іс-шарасы кезінде есірткімен байланысты деректер бойынша 202 тұлға ұсталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз