Семейде ҰОС ардагері президенттік сайлауда дауыс берді

Дауыс беру Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Семей қаласында президент сайлауы өз жалғасын табуда. Таңертеңнен бері қала тұрғындары сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасап жатыр. Денсаулығына байланысты немесе басқа себептермен сайлау учаскесіне өз бетінше келе алмайтын азаматтар үйде дауыс бере алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сайлауға өз бетімен келе алмайтындар үшін біз сайлау жәшіктері мен бюллетеньдерді үйлерге апарамыз. Аға буын арасында дауыс бергісі келетіндердің көп болғаны бізді қуантады. Бұл жастар үшін жақсы үлгі", - дейді №269 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары Жанна Төленова.

Бүгін үйден шықпай-ақ өз таңдауын жасағандардың бірі - Ұлы Отан соғысының ардагері Асқар Рахымбаев болды.

"Мен сайлауға бірінші жыл қатысып отырған жоқпын. Бұл бүкіл ел үшін өте маңызды қадам. Бүгін біз тарихтың барысына әсер ететін таңдау жасаймыз", - дейді ардагер.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз