Пәкістан Премьер-министрі Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министріне құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, Пәкістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі екенін жеткізді, делінген Ақорда хабарламасында.
Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқаны, энергетика және көлік секторларындағы ынтымақтастықтың кеңейе түскені атап өтілді.
Бөлісу
0
Толық оқу