Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар үшін АҚШ-қа виза алу жеңілдейді

Виза, паспорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 16:33 Сурет: unsplash
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм қазақстандықтардың АҚШ-қа баруы үшін визаларды жеңілдету мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дипломат америкалық тараптың қандай қадамдар жасап жатқанын айтты.

"Қазір біз жасап жатқан шаралардың кейбірі - қазақстандықтардың визаны күту уақытын қысқарту. Екінші мәселе, адамдар иммиграциялық емес визаларды алуға өтініш беру үшін сұхбатқа келмеуге мүмкіндік беру. Біз көп нәрсені байқап отырмыз. Қазақстандықтар мен америкалықтар бір-біріне барғаны оң әсер етеді".Дэниел Розенблюм

Оның айтуынша, қазір визаның мерзімін ұзарту туралы ұсыныс жоқ.

"Мүмкін бұл болашақтың еншісінде шығар. Бірақ біз Қазақстан үкіметімен ұзақ мерзімге көп мәрте кіру арқылы виза беруді қалай жақсартуға болатынын сөйлесіп жатырмыз. Бірақ бұл екі жақты болуы керек".Дэниел Розенблюм

Елші қазақстандықтар мен америкалықтарды бір-біріне келуге шақырды. Себебі мұндай қарым-қатынас елдер арасындағы беріктікті нығайтады.

"Сонымен қатар біз қауіпсіз болу және зиянды мәселелердің алдын алу үшін виза беру саясатымызға өте мұқият болуымыз керек. Нақты пайызын айта алмаймын, бірақ туристік визамен кетіп, сол жерде қалу жағдайы жиі болды. Сонымен қатар адамдардың елде визалық мерзімінен ұзағырақ жүру мәселесі де болды. Сондықтан виза алуға сұхбат кезінде біздің консулдар адамдардың заңды ұстанатынына сенімді болу үшін өте қиын сұрақтар қояды".Дэниел Розенблюм

АҚШ-тағы іскерлік және туристік визалар қазақстандықтарға 10 жылға, студенттік және журналистік визалар бес жыл мерзімге беріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: