Жаңалықтар тізбегі
0

Деструктивті діни ағымның өкілдері қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны әшкереленді

Автоломбард, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2022 09:44 Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысында деструктивті діни ағымның жақтаушылары автоломбард түрінде қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті пирамида басшылары соттың санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық орта өкілдерінің және деструктивті діни ағымдардың қылмыстық-бағдарланған жақтаушыларының заңсыз іс-әрекетінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында өңірде автоломбард түріндегі қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару фактісін анықтады.

Автоломбардтың атымен тұрақты қаржы пирамидасы құрылғаны анықталды. Жалған шарттарға сәйкес ұйымдастырушылар салымшыларға автокөлік құралдарын нарықтық бағадан жоғары бағаға сатып алуға уәде берген, бірақ автокөліктер нарықтық бағадан екі немесе одан да көп есе төмен үшінші тұлғаларға сатылған, ал төлемдер жаңа “клиенттерді” тарту арқылы жүзеге асырылған.

Арнайы операцияны жүргізу кезінде Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің жедел уәкілдері Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, осы заңсыз қызметке қатысы бар деген күдікпен қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысын және басқа да адамдарды ұстады. Тінту барысында арнайы техника, ЖШС-нің заңсыз қызметіне қатысты құжаттама, діни сипаттағы әдебиеттер, банк карталары, электрондық жад тасымалдағыштар және ұялы телефондар тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті пирамида басшылары соттың санкциясымен қамауға алынды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қаржы пирамидасына қатысушы криминалитет өкілдері мен деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды әшкерелеу бойынша одан әрі тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілудеp

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: