Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО түрмесінде сотталғандар жоғары сұранысқа ие ыдыс жасайды

Ағаш астаулар, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 20:45 Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Өскемендегі № 16 мекемеде жазасын өтеп жатқандардың қолымен жасалған ағаш астауларға бүгіндері сұраныс артқан. Құзырлы мекеме басшылығы бұл сотталушының темір тордың арғы жағында нәпақа табуына, сол секілді мамандық игеруіне мүмкіндік беріп отырғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мұнда келіп түскендердің басым бөлігі жұмыспен қамтылған. Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту, біріншіден олардың отбасыларына көмектесуіне мүмкіндік берсе, екіншіден бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасуына да тәжірибе жағынан пайдасы болары анық". Өскемендегі № 16 мекеме қызметкері Дәурен Әбілов

Түрмедегі кәсіп, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 20:45

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Ұлттық ыдыс түрі болғандықтан да болар, сотталушылардың ағаштан жасаған астауларына қазір сұраныс жоғары көрінеді.

Бір астауды жасауға шамамен 2-3 күндей уақыт кетеді. Астауды ағаштан қашап, формасына келтірген соң, сыртына ою жасаймыз. Тапсырыс өте көп, мерзімінде орындап беруге тырысамыз. Алып отырған жалақымыз да жаман емес, - дейді осы түрмеде жазасын өтеушілердің бірі.

Ұлттық бұйым, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 20:45

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: