Жаңалықтар тізбегі
0

"Еуразия" Бірінші арнасының "журналистері" деген фейк видео желіде тарап кетті

Фейк, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2022 20:08 Сурет: видеодан алынды
Кейбір анонимді Telegram-арналарда "Еуразия" Бірінші арнасының журналистері жылытқыш құрылғыларды тегін тарату туралы "сахналанған" сюжет түсіріп жатыр деген фейк тарап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео авторының айтуынша, телеарна қызметкерлері тұрғын үйдің барлық тұрғындары осындай жылытқыш құрылғылары алғаны туралы айтып, подъезде тұрып репортаж жасаған. Ол репортаж түсірілген тұрғын үйдің барлық тұрғындары әлі де жылусыз әрі ыстық сусыз отырғанын атап өтті. Aл енді "құрылғыларсыз" да қалды, - дейді ол.

"Еуразия" Бірінші арнасының баспасөз қызметі бұл ақпаратқа түсініктеме берді:

"Еуразияның Бірінші арнасының журналистері басқа телеарналардың журналистері сияқты шынымен де видеода түскен тұрғын үйдің жанында болып, сюжет түсірді, бірақ ол мүлдем басқа тақырыпта болған".

Түсірген сюжеттері мынау:

Әлеуметтік желіде тараған видео түсіріліп жатқанда біздің арнаның түсірілімі тобы оқиға орнынан әлдеқашан кетіп қалған.

Баспасөз қызметі атап өткендей, "Еуразия" Бірінші арнасының түсірілім тобын оңай тануға болады: микрофон мен телекамераларында бренд таңбаланған. Алайда, әлеуметтік желіде кеңінен тараған видеода оны байқамайсыз.

Оның үстіне видео авторы "Еуразия журналисті" деп атаған оператор иығына фотокамера іліп алған.

"Біздің операторлар фотокамералармен жұмыс істемейді, ал түсірілім штатив арқылы түсіріледі, ал ол онда жоқ". "Еуразия" Бірінші арнасының баспасөз қызметі

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2022 20:08

Сурет: видеодан алынды

Арнаның баспасөз қызметі әріптестерінен ақпаратты мұқият тексеруді және фейк ақпаратты бөліспеуді сұрайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: