Жаңалықтар тізбегі
0

Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды

Павлодар облысы, Павлодар облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2022 11:03 Сурет: Павлодар облысы әкімдігі
Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлық мәтіні Ақорданың ресми ақпараттық ресурсында жарияланды.

Олег Крук 1967 жылы Павлодарда дүниеге келген.

Білімі:

1992 жылы Павлодар индустриалды институтын бітіріп, өнеркәсіптік жылу энергетик мамандығын иеленді.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1988 жылы Павлодар ЖЭО-3-те слесарлық шеберлікті игеруден бастаған. Университетті бітіргеннен кейін ол еңбек жолын жылу-электр орталығында жалғастырып, қазандық бөлімінде инженер-технолог, кейінірек бас инженердің орынбасарына дейін өсті.

  • 1997 жылы CCL-Energo Company ЖШС сатып алу бөлімінің бастығы;

  • 1999 жылдан 2002 жылға дейін "Солтүстік Қазақстан энергетикалық компаниясы" ЖШС, "Казснабцентр" ЖШС, "Казпромресурс" ЖШС және "Теплоцентр-Северный" ЖШС Павлодар филиалында қызмет етті;

  • 2002 жылы "Павлодарэнерго" ААҚ жылу желілерінің директоры болып тағайындалды;

  • 2006 жылы "Павлодар жылу желілері" АҚ басқарды;

  • 2007 жылы Олег Крук мемлекеттік қызметке ауысып, Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығына тағайындалды;

  • 2008 жылы ол Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, осы лауазымда төрт жылдан астам қызмет етті. Кейін кәсіпкерлікпен айналысты;

  • 2020 жылы ол Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығына тағайындалды;

  • 2021 жылы Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: