Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысында қарт ерлі-зайыпты 3 жасар немересімен қоса далада қатып қалған

Аяз, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2022 12:11 Сурет: unsplash
Абай облысында қайғылы оқиға орын алды: үш жасар немересімен қоса атасы мен әжесі де қақаған аязда далада қалып кетіп, үсіп жан тапсырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ABAI NEWS telegram-каналы таратқан хабарға қарағанда, қайғылы оқиға Жарма ауданы Терістаңбалы ауылында орын алған. Жас отбасы баласын ата-әжесіне табыстап кеткен.

Марқұмдардың жақындарының айтуынша, қаза тапқан ерлі-зайыпты 3 жасар немересін ертіп, өзге ауылға қонаққа барған. Ал түнде өз ауылына қайту үшін жолай көлік ұстаған. Алайда ауылға 1 шақырым қалғанда көліктен түсіп қалған ерлі-зайыптылар кішкентай баланы жетектеп, үйіне қарай жаяу тартқан.

"Таңертең әйел адамның денесі ауылдан 50 метр, ал ер адам мен баланікі 100 метр қашықтықтан табылған. Енді аязды күні орта жолдан адамдардың көліктен неге түсіп қалғанын білу үшін жүргізушіні іздеп жатырмыз", - дейді қаза тапқан отбасының жақындары.

Жарма аудандық полиция бөлімі бұл фактіні растады. Кеше марқұмдарды жерлеу рәсімі өткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: