Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай билігі коронавирусқа қарсы қатаң шаралардан бас тартуы мүмкін

Қытай, ковид шектеулері, шеру, коронавирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2022 13:54 Сурет: pixabay
Қытайда коронавирус салдарына енгізілген шектеклер елдегі наразылық шерулерінен кейін жеңілдетіле бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай премьер-министрінің орынбасары Сунь Чуньлань ел "жаңа кезең мен жаңа сынақтар" алдында тұрғанын айтты, деп жазды South China Morning Post.

Ол "омикрон" штамының жаңа нұсқасының патогендігі төмен екенін, бірақ Қытай халқы көп болғандықтан, ол әлі де өлім санын арттыруы мүмкін екенін айтты. Бұл дәлел елдегі қатаң ковид бақылауын ақтау үшін қолданылған-ды.

Елде қарттарға, әсіресе 80 жастан асқандарға екпе салу науқаны қайта басталды. Екі екпе арасындағы кезең алты айдан үш айға дейін қысқарды. Билік вакцинаның әртүрлі нұсқасын ұсына бастады.

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері билік органдарын асимптоматикалық науқастарға арналған карантинге арналған уақытша ауруханалардан бастап ауыр жағдайларға арналған реанимация бөлімшелеріне дейін көбірек аурухана төсегін жасақтауға шақырды.

Гуанчжоу аурудың өршуіне қарамастан, шектеулерді жеңілдетті. 19 миллиондық өндірістік хабтағы денсаулық сақтау қызметкерлері белгілі бір шарттарға сәйкес келетін аймақтарда шектеулерді алып тастау керек екенін, науқаспен жақын қарыс-қатынста болғандар үйде карантинде болатынын және сынама тек қауіп тобындағы адамдарға жүргізілетінін айтты.

Қараша айында билік бақылауды оңтайландыру және экономикадағы іркілісті азайту үшін коронавирус инфекциясымен күреске өзгерістер енгізді. Шектеулерді жеңілдету елдің ірі қалаларындағы ауқымды наразылық акцияларынан кейін жеделдей түсені белгілі болды.

Наразылықтар Үрімжідегі тұрғын үйдегі өлімге әкеліп соқтырған өртке ұласып, 10 адам қаза тауып, 9 адам жараланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: