Жаңалықтар тізбегі
0

Сауда министрі күріш бағасы жөнінде пікір білдірді

Сауда министрлігі, күріш, күріш бағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 13:13 Сурет: pxhere
Үкімет кулуарында ҚР премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин кейбір сауда желілерінде күріштің келісі 275 теңгеден сатылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Супермаркеттерде 275 теңге тұратын күріш бар, әр түрлі сауда желілерін аралап жүріп азық-түлік жиынын сатып алсаңыз, тіпті "А" класындағы дүкендер желісі арасындағы құн айырмашылығын сезінесіз".ҚР премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин

Министрдің айтуынша, 2019-2020 жылдары Қазақстанда 550 мың тонна күріш өндірілген. Биыл 507 мың тонна күріш өндіру жоспарланыпты.

"120 мың тоннаға жуық экспорттадық, өте аз импорттаймыз. Биыл 10 айда 76 мың тонна экспорттадық. Бүгінде 250 мың тоннадай қорымыз бар. Ай сайынғы тұтыну 80 мың тоннаға жуық болса, ешқандай қауіп жоқ". Серік Жұманғарин

6 желтоқсан күні үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елде күріш жеткілікті екенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: