Жаңалықтар тізбегі
0

Microsoft Қазақстан мектептеріндегі информатика бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныстар жасайды

Майкрософт, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 22:19 Сурет: unsplash
Қазақстандық педагогтер мен мектептердің Microsoft корпорациясының цифрлы мүмкіндіктерін пайдалануы, информатика бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту, инклюзия бойынша бірлескен жұмыс және басқа да келісімдер бойынша меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

​Оқу-ағарту министрілігінің баспасөз қыметі ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов Microsoft компаниясының өкілдерімен кездескенін хабарлады.

Тараптар білім беруді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Алдағы бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруға келісті.

"Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жасаған сапарында Microsoft корпорациясының Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша бас менеджері Мишель Симмонспен кездескен еді. Сол кезде тараптар компанияның Қазақстандағы қатысуын кеңейту перспективаларын талқылады. Ал бүгін осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде компания өкілдерімен бірден бірнеше келісімге келістік. Инклюзив білім беру бағытындағы бірлескен жұмысты нығайтамыз", - деді Аймағамбетов.
  • Microsoft-пен қазақстандық мектептердің Office 365 Education цифрлы платформасын пайдалануы туралы келісім жасалды.

  • Microsoft сонымен қатар мектеп мұғалімдеріне STEM-ді сабақта қолдану бойынша мастер-кластар өткізіп, мектептің информатика бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныстар жасайды.

  • Қол жеткен келісімдердің нәтижесінде Microsoft Microsoft Education Transformation Framework әдіснамасы негізінде білім беруді трансформациялау бойынша ең үздік тәжірибелерді ұсынады.

  • Педагогтер Leaders in Digital Transformation жаһандық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады.

  • Сонымен бірге Microsoft Microsoft Digital Literacy оқу жоспары және Microsoft Educator ("Майкрософт Педагог") халықаралық бағдарламасы арқылы педагогтер мен оқушылардың цифрлы сауаттылығын арттыруға қолдау көрсетеді.

Аймағамбетов министрлік меморандумға қол қоймас бұрын да педагогтердің білігін арттыру және сертификаттау бойынша Microsoft корпорациясымен бірлесіп жұмыс істегенін айтты. Мысалы, "Майкрософт Педагог", "Майкрософт педагог-сарапшы" бағдарламасы бойынша қазақстандық мұғалімдер Венгрияда, Канадада, Сингапурда, АҚШ-та және басқа елдерде өткен мұғалімдерге арналған Educator Exchange халықаралық форумына қатысты.

Министр мектептеріміз де Microsoft Imagine Cup Junior бағдарламасына қатысып жатқанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: