Таразда алматылық жігіт жоқ қантты саудалаған

Алматы, қант, алаяқ Сурет: Жамбыл облысының полиция департаменті
Алматылық жігіт Тараз тұрғынына қант зауытынан арзан бағаға 20 тонна қант алып беругу уәде еткен. Алайда ол уәдесінде тұрмады, деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне Жамбыл облысының полиция департаменті.

Қант алмақ болған жігіт жүк көлігімен келгенде, күдікті одан ақшаны алып кеткен. Қант сатушы оны зауыт қақпасына қарай жіберіп, өзі ұшты-күйлі жоғалып кетті, телефонын да сөндіріп тастаған.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы – 4 млн 200 мың теңге. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы қаласының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын да бірнеше рет сотталған. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз