Жаңалықтар тізбегі
0

"Үздік өңір" және "үздік аудан" санаты бойынша байқау жеңімпаздары анықталды

"Алтын сапа" және "Парыз" байқауларының жеңімпаздары, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2022 19:16 Сурет: akorda.kz
7 желтоқсанда Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "Алтын сапа" және "Парыз" байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиын соңында Мемлекет басшысы "Алтын сапа" және "Парыз" байқауларының  жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады. Анықталған жеңімпаздар ішінде бизнеске  қолайлы жағдай жасалған "Үздік өңір" санаты бойынша арнайы сыйлыққа Шымкент қаласының әкімдігі, "Үздік аудан" санаты бойынша арнайы сыйлыққа Сәтбаев қаласының әкімдігі ие болды.

Айта кетсек, "Алтын сапа" сыйлығының "Үздік индустриялық жоба" номинациясы бойынша Павлодар облысының "Проммашкомплект" кәсіпорны, "Үздік инновациялық жоба" номинациясы бойынша  Алматы облысының "Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорны жеңімпаз атанды.

"Парыз" сыйлығының шағын және орта бизнес иелері арасындағы  Гран-при жүлдесі Ақмола облысының "Шуйское-XXI" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, ал ірі бизнес иелері арасындағы Гран-при жүлдесі Атырау облысының "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." кәсіпорнына табысталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: