Өскемендегі сот ғимаратынан бомба табылмады

Полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2022 22:20 Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемендегі сот ғимаратында "бомба бар" деген хабарлама бойынша қандай да бір қауіпті зат табылмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу басталды.


Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылық үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Еске салайық, бүгін, 8 желтоқсанда 18.05-те Өскемен полициясына қаладағы №1 қалалық сот ғимаратында "бомба бар" екені туралы хабар түскен. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: