Түркістан облысының тұрғындары қыста асфальт төсегендерге "мемлекет қаржысын ысырап етті" деп наразы

Асфальт Сурет: unsplash
Түркістан облысының Ордабасы ауданында қыс мезгілінде асфальт төселіп жатыр. Ал тұрғындар мұны мемлекет қаржысын босқа ысырап ету әрі көзбояушылық деп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"7-желтоқсан. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекеніндегі,.. кеше ғана қар түскен. Үстіне әдейі биттің қабығындай қылып істеп кетіп жатыр. Істедің бе - істедің... судың үстіне әшейін жамап, сонда мұның астына не төсеп жатыр бұлар?!" Видео авторы

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, тұрғындар желтоқсан айында төселген асфальт көктемге дейін жарамай қалады ма деп алаңдап отыр.

Ал Ордабасы ауданы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы жаңа төселіп жатқан жолдың көпшілік ойлағандай негізгі жол емес, автокөліктерге арналған тұрақ деп жауап берген.

"Исламқұлов мектебі алдына автокөліктерге арналған автотұраққа асфальт жабындысын төсеу жұмыстары техникалық талаптарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Асфальт жабындысының астына жабысқақ материал себу жұмыстары арнайы техникамен жасалған. Сонымен қатар асфальт материалының нысан басындағы температурасы 130-150 градус, талапқа сәйкес 120 градустан жоғары болса асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген", - деп аудан әкімдігі жазбаша жауап берген

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз