Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда жаңа автодром ашылды

Түркістан қаласы, автодром, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2022 16:35 Сурет: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ
Түркістан қаласының көлік жүргізушілері теориялық және тәжірибиелік емтиханды арнайы ХҚО-да тапсыра алады. Жаңа автодром Қазақстан 30 жылдығы ауылының, Қазыбек би 51 мекен-жайы бойынша орналасқан.

Бұған дейін тұрғындар емтихан тапсыру үшін Шымкентке немесе басқа да көршілес облыстарға баруға мәжбүр еді. Бұл мәселені шешу үшін қазан айында Сарыағашта автодром ашылған. Енді Түркістан облысы бойынша емтихан тапсыратын екі бөлімше бар.       

Алғашқы жұмыс күннен бастап жаңа автодром тәжірибелік емтихан тапсыратын қызмет алушыларды қабылдады. Кешеннің жалпы ауданы – 1 гектар. Болашақ жүргізушілер B, C1 және D1 санаттары бойынша емтиханды тапсыра алады. Сондай-ақ, бүгінде автодромның меншігінде KIA Rio, LADA GRANTA маркалы 4 автокөлік және IVECO, FOTON сияқты микроавтобустар бар.

Осылайша, Түркістан облысының тұрғындары жаңа автодромның ашылуының нәтижесінде куәліктерін өз аймақтарында алып, уақыты мен қаржысын үнемдейді. Куәлік алу қолайлы бола түсті.

Айта кетейік, Түркістан облысының арнайы ХҚО ғимаратында автокөлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және емтихан сыныбы бойынша операциялық залдар бар. Күту залында "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" қарастырылған. Онда кез келген тұрғын электрондық үкімет қызметтерін өз бетінше алып, сондай-ақ, мамандардың көмегіне жүгіне алады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: