Қазақстанда жаңажылдық кештер мен ертеңгіліктерге тыйым салынбайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, жаңажылдық кеш, коронавирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2022 11:57 Сурет: pixabay
Қазақстанда жаңажылдық кештер мен ертеңгілікерге тыйым салынбайды. Бұл туралы үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір науқастар саны анау айтқандай көп емес.

Сондай-ақ журналистер Денсаулық сақтау министрінен көптеген ұйымдар маска режиміне қайта оралғанын алға тарта отырып, "Қандай да бір шектеулер енгізе ме?" деп сұрады.

"Жоқ. Қазір вирустық және коронавирус инфекциялары көбейіп келеді. Апта бойынша қарасаңыз, күніне 200-ден астам жағдай тіркелетінін көруге болады. Барлығына адам көп жиналатын жерлерде бетперде тағуды ұсынамыз". Ажар Ғиният

Қазақстанда бір тәулікте 235 адам коронавирус жұқтырды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 80 адамға көп.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: