Жаңалықтар тізбегі
0

Теміртауда мектепке "жарылғыш зат" қойылды деп жалған хабар берген оқушы болып шықты

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2022 18:53 Сурет: pixabay
14 желтоқсан күні сағат 13.00 шамасында Қарағанды облысы Теміртау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына белгісіз біреу хабарласып, №20 мектепті және ондағы барлық адамдарды жарып жіберемін деп айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орынына саперлермен барлық жедел қызметтер жіберілді. Полиция қызметкерлері мектептен барлығы 500 адам, яғни мұғалімдер мен оқушылар эвакуциялады. Сондай-ақ мектептің айналасы полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Білім беру мекемесіне жүргізілген тексеру жұмыстары барысында оның ішінен ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына (Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Теміртау қалалық Полиция басқармасы экстремизмге қарсы күрес бөлімі қызмектерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында сол мектепте оқитын 12 жастағы оқушы анықталды. Ол үйіне ерте кету үшін мектепте “жарылғыш зат” бар деп хабарлағанын айтқан. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi (бүгiнде – 14,5 миллион теңге) айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, сондай-ақ шектеуге немесе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бұл қылмыс үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сондықтан мұны мектеп оқушылары да есте ұстауы керек.

Сонымен қатар сот шешімі негізінде мұндай хабарламадан келтірілген шығындар мен барлық шығын өтелуге жатады. Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаса, онда келтірілген зиянды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: