Жаңалықтар тізбегі
0

Экс-президент: Келер ұрпақ Тәуелсіздікті ешкімге бермеуі керек

Нұрсұлтан Назарбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2022 18:51 Сурет: elbasy.kz
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы бас мешітте жұма намазынан кейін ел халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тәуелсіздікті жариялағанымызға 31 жыл болды. Тарих үшін бір ғана мезгіл. Бұл мемлекетті дүниежүзіне паш еттік. Қазақ деген халықты дүниенің барлығы білді, терезесі тең ел болдық, Құдайға шүкір, барлығы бар. Жұмыс істеймін, бизнеспен шұғылданамын десе, ешкім кедей болмайды. Ең алдымен еңбек керек. Еңбектерімде де талай айтып жүрмін ғой. Тәуелсіздігіміз ұзағынан болсын. Тәуелсіздік мәңгілік болуы үшін бәріміздің ауызбіршілігіміз болуы керек. Келер ұрпақ осы Тәуелсіздікті алтындай қолында, жүрегінде ұстауы керек. Ешкімге бермеуі керек. Сонда келе жатқан артымыздағы ұрпақтың жүзі жарқын болады. Біздің кездерді айтып жүреді. Құдай бұйыртса, ұрпағымыз бұл күндерді еш уақытта ұмытпайды, есіне алып жүреді", - деді Назарбаев жұртшылық алдында.

 


Еске салайық, бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаған еді. 

Оның сөзінше, Қазақстан биыл бұрын-соңды болмаған сын-қатермен бетпе-бет келді. Елдігімізге іштен де, сырттан да зор қауіп төнді.

"Дегенмен мызғымас бірлік пен ырыс-ынтымақтың арқасында барлық қиындықты еңсеріп келеміз. Біз ауқымды саяси және экономикалық реформаларды қолға алып, мемлекетімізді жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Бұл бастамаларды табысты жүзеге асыру – әрқайсымыздың қолымызда", - деді Тоқаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: