Президент Halyk Bank басшыларымен кездесті

Тоқаев Халық банк басшыларымен Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Halyk қаржы тобының өкілдері Александр Павловпен және Үміт Шаяхметовамен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына банктің қазіргі қызметі, даму перспективалары, сондай-ақ отандық бизнеске қолдау көрсету, сондай-ақ Қазақстанның шет мемлекеттермен экономикалық және іскерлік байланыстарын кеңейтуде топтың әлеуетін пайдалану жөніндегі ұсыныстары жөнінде баяндалды.

Банктің экономикадағы нақты секторды несиелендіруіне, цифрлық қызметтерді әзірлеу және енгізу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетіне, сонымен қатар әлеуметтік жобаларды іске асыруына ерекше назар аударылды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы тобының қызметіне оң баға берді. Бизнесті қолдаудың және Қазақстан экономикасын қаржыландыруды ынталандырудың өзектілігі мен стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз