БҰҰ-ның Бас хатшысы Қауіпсіздік кеңесінің құрамы кеңеюі мүмкін екенін айтты

БҰҰ, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сурет: un.org
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш баспасөз мәслихатында Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер құрамын кеңейту мәселесі қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости оның сөзіне сілтеме жасап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін кеңейту туралы бірқатар ел өкілдері ұсыныс жасап жатқанын мәлімдеді.

Қауіпсіздік кеңесін реформалау мәселесі оған мүше елдердің қолында, БҰҰ Хатшылығы бұл келіссөздерге ықпал етпейді, деп ескертті Гутерриш.

Бұған дейін Гутерриш қазіргі уақытта Ресей мен Украина арасындағы текетірестің аяқталу перспективасы жоқ екенін айтқан. Оның айтуынша, тиімді бітімгершілік келіссөздер жүргізу үшін уақыт керек керек. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз