Мемлекет басшысы Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хабарлама Ақордада жарияланды:
- Мемлекет басшысы «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды;
- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың негізгі міндеттері - Қазақстанды жоғары дәлдіктегі геодезиялық координаттар жүйесімен қамтамасыз ету және еліміздің бірыңғай цифрлық картографиялық негізін құру.
Бөлісу
0
Толық оқу