Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл мұғалімдердің жалақысын көбейтуге 1,2 трлн теңге бөлінді

Мұғалім жалақысы, Оқу-ағарту министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 19:49 Сурет: Zakon.kz
Биыл республикалық бюджеттен мұғалімдердің жалақысын көбейтуге1,2 трлн теңге бөлінді. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік таратқан ақпарат бойынша, ол мұғалімдердің жалақысын көбейтуге, біліктілік санаттары, магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге және дене шынықтыру мұғалімдерінің сабақтан тыс сабақ өткізуіне бөлінді.

Оның 121,5 млрд теңгесі мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне, 1,04 трлн теңгесі орта білім беру ұйымдарына, 39,8 млрд теңгесі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына бағытталды.

2020 және 2022 жылдарды салыстыратын болсақ, педагогтердің еңбекақысын көтеруге және оларға үстемақы төлеуге республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 3 есеге өскен.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға көтеріліп келеді. 2021-2022 жылдардың қаңтарында олардың жалақысы да тағы 25%-ға өсті. Сәйкесінше, жылдан жылға білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, яғни тәрбиешілердің, мектептер мен колледждер педагогтерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының еңбекақысын арттыруға бөлінетін қаражат көлемі ұлғайып келеді". ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш

Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігінің өкілінің айтуынша, олар біліктілік санаты, магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде оқытқаны, дәптер тексергені, сынып жетекшілігі мен тәлімгерлік қызметі үшін қосымша ақы алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: