Тоқаев пен Мирзиёев ресми делегациялардың құрамын таныстырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми кездесу өткізу үшін халықаралық конгресс орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі халықаралық конгресс орталығында өтті.
"Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары орындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.
Бөлісу
0
Толық оқу